Қызылорда облысында жаңа туған сәби шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе кемесінің экипажы Қармақшы ауданының Төретам елді мекенінен Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді шұғыл жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, баланы дереу ауруханаға жеткізу қажеттілігіне байланысты эвакуация жедел түрде жүзеге асырылды. Ұшқыштар Назель Нұрғалиева мен Бейсенғали Тоғызбаев, сондай-ақ медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында нәресте қауіпсіз әрі жылдам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы