Қызылорда облысында жаңа көпір салынуы мүмкін

2025 жылдың 19 наурызында сағат 19:15 шамасында Қызылорда облысы Тасбөгет кентіндегі Назарбаев даңғылы бойымен өтетін "Қызылжарма" каналының автомобиль көпірінің қоршауы құлағаны туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталмыш көпір 1973-1974 жылдары салынған. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шаралары қолға алынып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа көпір салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті шаралар қабылдануда.

Құрметті қала тұрғындары, тек ресми ақпараттарға сеніп, жалған мәліметтерге ермеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар тиісті мекемелердің ресми парақшаларында жарияланатын болады, - делінген ақпаратта.
.jpeg)
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Наурыз көжені дайындауға қанша теңге кетеді?
Өзгелердің жаңалығы