27 Қараша 2026, 06:50 Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында заңсыз сақталған 58 киіктің өлексесі анықталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысында полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген киік өлекселері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматты анықтады.

Тексеру барысында күдіктінің ауласынан бес киіктің басы, 58 киік өлексесі, үш қап киік терісі, 8 пышақ және бір таразы тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде алынды.

 
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.