Қызылорда облысында заңсыз қабылданған сот актілерінің күші жойылды
Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нәтижесімен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру, атап айтқанда шаруашылықтар тарапынан субсидия алу кезінде шынайы емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталды.
Аталған заң бұзушылықтар сот талқылауы кезінде өз дәлелін тапқанымен, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шаруашылықтардан негізсіз алынған субсидия сомасын кері қайтармай, заң талаптарына қайшы сот шешімдерін қабылдаған.
Осы ретте прокурорлық наразылықтан кейін, апелляциялық саты сотымен бірінші саты сотының шешіміне өзгеріс енгізіліп, мемлекет пайдасына 30 млн теңге өндірілді, - деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы