Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабы салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысында су қоймасы мен су торабын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті.
Бұл туралы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялау жоспарлануда. Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистральдық каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу жоспарда бар.
Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
- Ормуз бұғазында 2 миллион баррель мұнай тасымалдаған танкер жарылып, өртенді 11:18
- Омбыда 37 мың қорап темекі тасымалдаған қазақстандық жүргізуші ұсталды 10:49
- Италияның түкпір-түкпірінде студенттер жаппай наразылыққа шықты 10:12
- Ақмола облысынан Шығыс Қазақстанға дейін: «Әділет» партиясы ауқымды экологиялық акцияны қорытындылады 09:55
- Қазақстандықтарға скрининг пен вакцинация туралы 1414 нөмірінен хабарлама келед 09:16
- Қазақстанда машина жасау саласына 83,4 млрд теңге инвестиция салынды 08:54
- Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:32