Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда облысында дабылды ескерту жасады.
31 наурызда Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерде 23 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жел сақталады. Түнде кей жерде шаңды дауыл, күндіз кей жерде найзағай күтіледі, - делінген хабарламада.
Қызылорда қаласында 31 наурыз түнде шығыстан жел соғады, екпіні15-20 м/с сақталады. Күндіз найзағай күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 95-100%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанға қосымша 300 мың маска әкелінді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы