Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды
6 қаңтар күні сағат 15:00-де Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-нің 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.
Аталған дерек бойынша ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақшолақов Степногорск қаласының энергокешеніне барды
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы