Қызылорда облысында күріш жинау басталды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанын бастау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Қызылорда облысында өткен республикалық семинар-кеңес аясында өтті. Айдарбек Сапаров өңірдің күріш өндірісінде тарихи көшбасшы болып табылатынын атап өтті.

Биылғы жылы Үкімет егіс және егін жинау науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін шешті.

Алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі 580 млрд. теңгені құрап, жылдық “таза" 5% бен берілді. 334 млрд.теңге игерілді.

"Президенттің тапсырмасы бойынша биыл тыңайтқыштар енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Мәселен, егер өткен жыл ішінде 679 мың тонна енгізілсе, қазіргі уақытта ғана 1,2 млн.тонна сатып алынды.

Бұл ретте Қызылорда облысы тыңайтқыштар енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Жоспар бойынша 63,3 мың тоннаға 100% үлес қосылды", - деді Айдарбек Сапаров аграршыларға егін жинау науқанының сәтті аяқталуын тілеп.

Ағымдағы жылы өңірдің фермерлері жарты миллион тоннадан астам күріш жинауды жоспарлап отыр.

Іс-шара барысында өңірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өнім өндірушілер арасында меморандумдарға қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес өңірлердің тұрақтандыру қорларына 1000 тоннадан астам күріш пен тұз жеткізілетін болады.

Бұл өнімдер ішкі нарықты қанықтырады және күріш пен тұз бағасының тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы