Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана жойылды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде «Нашақорлыққа жол жоқ» атты жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174 сотқа жолданған.
Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде аймақта есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалары мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді.
Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалған.
Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, брошюра парақшалары таратылды.