Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа құлап қаза болды

Кеше сағат 13:54-те  департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына 2 жасар баланың құдыққа құлап кеткені туралы  хабарлама келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны  сағат 11:30-да ауладағы су алатын құдыққа түсіп қаза болған.

Көз жұмған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылына, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге барған екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kzvesti.kz
Өзгелердің жаңалығы