Бүгiн 2026, 05:40 Фото: Көлік министрлігі

Қызылорда облысында екі теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін қайта ашылды

Нысандарды жаңғырту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысындағы Жаңақорған және Шиелі теміржол станцияларында жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, вокзалдардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараларға Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев пен Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты.

Еліміздің негізгі теміржол магистральдарының бірінде орналасқан вокзалдарды жаңғырту өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін дамытуға серпін береді. Бұл – ғимараттарды жөндеу ғана емес, азаматтардың жайлылығы мен Қазақстанның оңтүстігі мен батысын халықаралық көлік дәліздерімен байланыстыратын логистикалық бағыттардың сенімділігін арттыруға бағытталған инвестиция, – деді ашылу салтанатында сөз сөйлеген Жәнібек Тайжанов.

Нысандарды жаңғырту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жаңғырту барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының толық кешені орындалды. Вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер, жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Сонымен қатар, заманауи күту залдары жабдықталып, навигация жүйесі жетілдірілді және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қозғалуына қажетті жағдай жасалды.

Екі вокзалда да құрылыс-монтаж жұмыстарын «СК Данекер» ЖШС орындады.

Жалпы, теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында Қызылорда облысында 10 нысанды жаңарту жобасы іске асырылуда