Қызылорда облысында биыл күріштің жоғары өнімділігі байқалады

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 189 мың гектарға егілді, оның 85,6 мың гектары күріш алып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 50,3 мың га күріш дақылдары жиналды, 42,7 мың га бастырылды. Орташа өнімділік 52 ц/га-дан асты. 

Биыл мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруашылықтар барлық агротехнологияларды сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды. Мәселен, «Тан ЛТД» ЖШС алдыңғы қатарлы күріш шаруашылығында күріштің орташа өнімділігі 85 ц/га құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 ц/га жоғары - делінген ақпаратта.

Қытайлық компаниямен бірлесіп тамшылатып суару әдісін пайдалана отырып, 3000 га алқапта жүгері егу жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта бұл әдіс 800 га дақылға қолданылады.

Жалағаш ауданының «Ер-Әлі» ШҚ-да ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің жалпы ауданы 3500 га құрайды, оның 1300 га күрішпен қамтылған. Фермадағы күріштің өнімділігі рекордтық көрсеткішке жетеді - орташа есеппен 90 ц/га.

Аймақта күріштен басқа жоңышқа, картоп, көкөністер және басқа да дақылдар өсіріледі. Қарқынды бақтар салу бойынша жобалар белсенді дамып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы