Қызылорда облысында айна шығаратын зауыт салынады

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде былтыр іске қосылған шын зауыты тұрақты өнім шығарып тұрады. Өнімнің 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан сынды елдерге экспорттап жатыр. Облыс әкімінің айтуынша, зауыттың негізгі қуаттылығы 197 мың тоннаны құрайды.

Зауыт іске қосылғаннан бері жобалық қуаттылықтың 85 пайызын игеріп, 167 мың тонна өнім шығарды. Шыны зауытының аясында шағын және орта кәсіпкерліктің белдеуін дамытуға мүмкіндік мол. Зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын құрылады. Келер жылы жылына қосымша 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндірісі іске қосылып, шыны бөтелкелер және алғашқы айна зауытының құрылысы басталады. Бұл 3 жобаның жалпы құны 32 млрд 300 млн теңгені құрайды,-деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы