Қызылорда облысында ауыл жолдары жөнделеді
Қызылорда облысында ауыл жолдарын жөндеуге басымдық беріліп отыр. Мәселен, Жаңақорған ауданында биыл 38 шақырымнан астам асфальт төселмек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соның жартысынан көбі шалғай елді мекендердің үлесінде. Барлығы 16 елді мекеннің 37 көшесін тақтайдай тегіс ету жоспарланып отыр екен. Оның ішінде 20-30 жылдан бері жөнделмеген жолдар да бар,-дейді мамандар. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 1 мллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазір жоспарлы жұмыстың 60 пайызы атқарылған. Қалған бөлігін бірер айда аяқтамақ. Жалпы аудан жолдарын жаңғырту соңғы 5 жыл көлемінде қарқын алыпты.
Биылғы жылы 1,8 миллиард қаржыға бюджеттік өтінім жолдап қойдық қазір облыстық уәкілетті органдарға. Ол 1,8 миллард теңгенің барлығы кент орталығындағы жаңадан ашылып жатқан мөлтек аудандарды одан әрі дамытуға, инфрақұрылымын жаңартуға жұмсалатын болады, Дәулет Өмірәлиев, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы: