Қызылорда облысында 7 мыңнан астам адам дәрі-дәрмексіз қалды
93 тұлға жауапқа тартылды
Қызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды. Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған, - делінген хабарламада.
Медициналық көрсетімдерсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.
Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған. Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 қызметкер айналысқан, - делінген хабарламада.
Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауапқа тартылған.