Қызылорда облысында аптап ыстық болады – синоптиктер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері күннің қатты ысуына байланысты еліміздің бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады. 

"Күндіз 12-14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күндіз 12 шілдеде Ақмола облысының басым бөлігінде, 13-14 шілдеде кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бұған дейін Жамбыл облысында бір апта бойы 41°С ыстық болатынын хабарлаған болатынбыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы