Қызылорда облысында 41°С ыстық сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 облыста дауылды ескерту жасады.
7 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде шаңды дауыл, оңтүстік аудандарда 41°С қатты ыстық сақталады.
Сонымен қатар, түнде және таңертең 7 тамызда Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.
«Қостанай қаласында күндіз 7 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 7-8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, Петропавл қаласында 7-8 тамызда найзағай ойнап, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.