Қызылорда облысында 30-дан аса шетел азаматы жолда қалып қойды
ТЖМ құтқарушылары 34 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін 112 пультіне Қызылорда облысы Арал ауданы аумағындағы «Қарабұтак–Қызылорда–Шымкент» автожолының 73-шақырымында шетел азаматтары мінген автобус сынып қалғаны жөнінде хабарлама түскен.
Автобустың ішінде 34 адам болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Сарыағаш қаласына бет алған, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, барлық 34 адамды Арал қаласына жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мексикада барға қарулы шабуылдан алты адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы