Қызылорда облысында 10 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Қазалы ауданында мемлекет меншігінежер учаскелері қайтарылды.
Қызылорда облысы Қазалы ауданының прокуратурасымен жер заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау және оларды өз бетінше иелену фактілері анықталды.
Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратурамен қадағалау актілері енгізіліп, оларды қарау нәтижелерімен мемлекет кірісіне жалпы құны 86 млн теңгені құрайтын жалпы аумағы 10 мың гектар жер учаскелері қайтарылды.
Жер учаскелерін заңсыз иеленген тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осы тектес фактілердің жолын кесу заңдылықты қалпына келтіруге, мемлекеттік мүдделерді қорғауға және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
- Еуроодақ Украинаға 4,36 млрд еуро көлемінде қаржы бөлді 08:59
- Семейде жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді 08:54
- Жалған ЖСН мен куәлік: Алматыда курьерлерге құжат дайындаған адам әшкереленді 08:50
- Биржада алтын бағасы арзандады 08:47
- Қазақстанда темекі бағасы жыл басынан бері 12,7 пайызға қымбаттады 08:10
- Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 07:49
- Жапония жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді 07:04