+7

Қызылорда облысына жаңа прокурор келді

Қызылорда облысына жаңа прокурор келді

Ризабек Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.

Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.

1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.

2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы