Қызылорда облысына биыл 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындысымен 3 трлн 700 млрд теңгеге жеткізіп, өсім 6,5% құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда.
11 айдың қорытындысымен 717 млрд 900 млн теңге инвестиция тартылып, жоспар 13,7%-ға артығымен орындалды. Жыл қорытындысымен 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 2 трлн 800 млрд теңгеге 98 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 300 млрд теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды, – деді спикер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада Сеул мен Токиодағыдай жол салынады
Өзгелердің жаңалығы