Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың мүйіздерін сатумен айналысқан азаматтарды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы