Қызылорда облыстық корей этномәдени бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толды

Корей мәдени орталығы Қызылордада облыстық корей этномәдени бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толуына орай мәдени іс-шара өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда қаласының Өнер сарайында Корей мәдени орталығы "Қазақстан корейлері қауымдастығы" Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Қызылорда облыстық корей этномәдени бірлестігіне 35 жыл толуына орай мәдени іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік кеш аясында Корей мәдени орталығы корей дәстүрін сақтауды қолдау және жергілікті халықтытаныстыру мақсатында Қызылорда облыстық корей этномәдени бірлестігіне дәстүрлі корей мәдени заттарын, сондай-ақ Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрына дәстүрлі корей киімдері, ханбок, музыкалық аспаптар және басқа да мәдени бұйымдарды табыстады.

Сондай-ақ Іс-шарада бірлестіктің 35 жылдық тарихына арналған фотосуреттер көрмесі, вокалдық топтың, самульнори ансамблінің, қауымдастықтың би ұжымының қойылымдары және қазақ және корейұлттық киімдерінің элементтерін біріктіретін костюмдер ұсынылған сән көрсетілімі өтті.

Бұліс-шараны корей мәдениетінсақтауға қосқан үлесін атап өту үшін Қызылорда облыстық корейлер бірлестігімен бірлесіпұйымдастыру біз үшін өте маңызды болды. Аймақтық корей этномәдени бірлестіктерін және олардың корей халқының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша күш-жігерінқолдауды әрі қарай да жалғастыра береміз, - деді Корей мәдени орталығының директоры Ку Бонг Чол.

Іс-шараға өңірден 1000-нан астам көрермен жиналып, оң бағасын берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Корей мәдени орталығы
Өзгелердің жаңалығы