Қызыл теңізде шабуылға ұшыраған Magic Seas кемесінің экипажы құтқарылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қызыл теңізде йемендік хуситтердің шабуылынан кейін батып бара жатқан Magic Seas құрғақ жүк кемесінің 22 экипаж мүшесі, соның ішінде қауіпсіздік қызметкерлері, аман-есен құтқарылғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БАӘ СІМ-нің ресми мәлімдемесіне сәйкес, Abu Dhabi Ports Group компаниясына тиесілі Seven Prism кемесі апат сигналына жедел әрекет етіп, құтқару операциясын жүзеге асырған.

Seven Prism кемесі апаттық шақыру сигналына бірден жауап беріп, барлық 22 экипаж мүшесін қауіпсіз жерге жеткізді, - делінген мәлімдемеде.

Құтқару шарасы Ұлыбританияның теңіз көлігі әкімшілігімен (UKMTO) және өзге де халықаралық теңіз құрылымдарымен үйлестірілген.

Шабуылға жауапкершілікті йемендік "Аңсар Алла" қозғалысы (хуситтер) өз мойнына алды. Олар бұл операция Magic Seas кемесіне алдын ала ескерту жасалғаннан кейін жүзеге асырылғанын айтты. Кеме шабуылдан кейін суға батып кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: REUTERS/Nektarios Papadakis
Өзгелердің жаңалығы