Қызыл теңізде Израильмен байланысты танкерге шабуыл жасалды
Сауд Арабиясының Янбу қаласы маңында, Қызыл теңізде Израильмен байланысы бар Либерия туын көтеріп жүрген танкерге шабуыл жасалды. Бұл туралы Reuters агенттігі теңіз қауіпсіздігіне маманданған британдық Ambrey компаниясына сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлыбританияның әскери-теңіз күштерінің теңіз саудасын үйлестіру орталығының (UKMTO) дерегінше, оқиға Янбудан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 теңіз милінде болған. Кеме экипажы алдымен қатты соққы дыбысын естіген, кейін белгісіз снарядтың шашырағанын байқаған. Қайғылы жағдай тіркелмеді, зардап шеккендер жоқ.
Ambrey компаниясының кейінгі бағалауынша, бұл шабуыл Израильге тікелей қатысы бар кеме нысаналы түрде таңдалған болуы мүмкін. Сарапшылар оқиғаның сипаты Иран қолдайтын Йемендік хуситтердің әрекетіне ұқсас екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқу-ағарту министрі қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы