Төрт облыста су деңгейі көтеріліп, қызыл су жайылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

23-25 наурыз аралығында күтіліп отырған қатты жауын-шашынға байланысты Түркістан облысының тау етегі аудандарында баурайлы ағынның пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

23-25 наурызда қатты жауын-шашын болжамына сәйкес Қарағанды және Бастыс-Қазақстан облыстарында қарқынды қар еру процесі, мұздық құбылыстырдың әлсіреуі, жайылмалы жерлерге су шығуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

25-26 наурызда қатты жауын-шашын болжамына сәйкес Ақтөбе облысында қарқынды қар еру процесі, мұздық құбылыстырдың әлсіреуі, жайылмалы жерлерге су шығуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы