Қызыл кітапқа енген жануарды атқан браконьерлер ұсталды – Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген жануарды атқан браконьерлер құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында тұрғынның тыйым салынған жануарларды үйінде ұстағаны белгілі болды. Ереже бұзу «Охотзоопром ӨБ» РМҚК мен Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы нәтижесінде ұсталды.
Тұрғын үйді тінту барысында ауладағы Toyota Sequie маркалы автокөліктің артқы жүк салғышынан Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып кету қауіпі бар 17 қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасы, 1 дана қарақұйрыққа ұқсас жануардың сойылған еті, 1 дана аңшы мылтығы, 66-дана 12 калибрлі, 37-дана 7,62 санды калибрлы оқ-дәрі, 1 дана балта, 4 дана ас үй пышағы, 1 дана пышақ, 7дана қуаттағышбатерейкалар заттай дәлелдеме ретінде алынды, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы