«Қызыл кітапқа» енген қар барысы фототұзаққа ілінді

Алматы облысында қар барыстары фототұзаққа ілініп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыртқыштар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабар таратты.

Айта кетсек, қар барысы сирек кездесетін жануар ретінде 1978 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

«Қызыл кітапқа» енген жануарларды заңсыз аулаған жағдайда азаматтың мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деп ескертті министрлік өкілдері.

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: minecology_kz
Өзгелердің жаңалығы