Қызы өз анасын өлтірген: Алматыда 11 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Алматыда 11 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұхтар Қожаев Ішкі істер министрлігі өткен жылдары жасалған қылмыстарды да назардан тыс қалдырмайтынын еске салды.

Алматы қаласында биыл тергеушінің біліктілігінің арқасында 11 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды. Зейнеткерді қасақана өлтірген қаскөй құрықталмай келген болатын. Сол қылмыстық істі қайтадан көтеріп, дәлелдемелерге толық талдау жүргізіліп, куәгерлер мен туыстарынан қосымша жауаптар алынып, олардың уәждерін тексеру барысында қылмыс ашылды. Дұрыс сұрақ қою, дұрыс тактика өз нәтижесін берді. Қылмысты жасаған марқұмның өзінің қызы болып шықты. Бұл қылмысты ол пайдакүнемдік мақсатта жасағаны белгілі болды, - деді полиция генерал-майоры.

Айта кетейік, жыл басынан бері тергеушілер мен анықтаушылардың өндірісінде 216 мыңдай қылмыстық іс болған. Жалпы 54 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы