"Қызтекелерге жай түсті". Жаңбыршин Трамптың сәлемін жолдады
Еділ Жаңбыршин ЛГБТ-ны қолдап, Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Жаңбыршин АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп тек екі жынысты бекіткенін айтты. Демек АҚШ-та ер мен әйел жынысы ғана заңды болмақ.
Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге "Дядя Дональдтан" жалынды сәлем!, – дейді депутат.
Депутат азғындыққа апаратын жолмен күресу керегін айтады.
Өйткені біз Мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің "демократияны шектеп жатырсыңдар", "адам құқығын таптап жатырсыңдар" деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді, – деді Жаңбыршин.