Ақтөбеде мемқызметшілердің қызметтік куәлігі ID-картаға ауыстырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мәлімдеді.
Мұндай карталардың артықшылығы - мемлекеттік қызметшінің ЖСН, аты-жөні, лауазымы, мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ тағайындау нөмірі мен күні енгізілген QR кодтың орнатылуында.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес облыстағы барлық мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәліктері 1 маусымнан бастап сәйкестендіру карталарына ауыстырылады.
Сәйкестендіру карталары мемлекеттік қызметшілердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, азаматтар оларға қызмет көрсеткен мемлекеттік қызметшінің дерегімен картада көрсетілген ақпарат арқылы таныса алады, - деді Рафхат Бисенов.
Қазір мұндай карталармен Хромтау ауданы әкімдігінің қызметкерлері қамтылған. Алдағы уақытта бұл карталармен барлық мемлекеттік орган қамтамасыз етіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3-7 маусым аралығында симптомсыз 1357 науқас тіркелген
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы