19 Қаңтар 2025 2025, 11:06 Фото: polisia.kz

Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды

2024 жылы қызметтік иттер 4344 қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылы қызметтік иттер 4344 қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

73 адам өлтіру;

12 қарақшылық;

137 тонау;

1305 ұрлық;

482 есірткі құқық бұзушылығы бар.

Олардың көмегімен заңсыз айналымнан 4,4 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 146 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.