Қызметтік ит жоғалып кеткен 4 жасар баланы көрші ауданнан тапты

Қарағандыда жоғалып кеткен 4 жасар бала қызметтік иттің көмегімен көрші ауданнан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Баланы ата-анасы балабақшадан қайтып келе жатқанда жоғалтып алған. Өздері іздеп, таба алмаған соң полицияға хабарласқан. 

Ата-анасы балабақшадан қайтып келе жатқанда баланың жоғалып кеткенін байқап, өздері іздеген. Бірақ нәтиже болмаған соң жедел басқару орталығына хабарласқан. Бала жоғалған жерге кинологтар барып, «Тайга» атты қызметтік итпен бірге іздеуге кірісті. Жарты сағаттың ішінде бала көрші ауданнан аман-есен табылды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Дәрігерлер баланың жағдайын тексеріп, ата-анасына табыстады. Кинологтардың жылдам әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы