Қызметкер жарақат алса, кім өтемақы төлейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2005 жылдан бастап Қазақстанда қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру заңнамалық тұрғыда енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның басты мақсаты – зардап шеккен қызметкердің жоғалған табысын өтеу және денсаулыққа келтірілген зияннан туындаған шығындарды жабу.

Сақтандыру жүйесі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Яғни жұмыс беруші сақтандыру ұйымымен шарт жасасып, еңбек міндеттерін орындау барысында жазатайым оқиғаға тап болған қызметкерге төлемдер жүргізіледі.

Зардап шеккен қызметкерге жалпы немесе кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленеді. Соның негізінде ол әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесінен төлемдер алады. Атап айтқанда:

  • белгіленген мүгедектік тобына байланысты бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер (мертіккенге дейінгі табыс көлеміне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесіне қарай);
  • кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесіне байланысты сақтандыру ұйымынан төлем.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы