Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дархан Қанатбеков ҚР ІІМ Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков
лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының қызметтік міндеттерін уақытша орындау осы Комитет төрағасының бірінші
орынбасары Теңізжан Жәнібековке жүктелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицейлер де пара алған
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы