"Qyzmet cup": мемлекеттік қызметкерлер арасындағы аяқдоп чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы мемлекеттiк қызметкерлер арасында шағын футболдан өткен "Qyzmet cup" чемпионаты ɵз мəресiне жеттi, деп хабарлады Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласы əкiмдiгiнiң қолдауымен ұйымдастырылған "Qyzmet cup" чемпионаты үш айға созылды. Турнирдiң шартына сәйкес, алаңдағы ойыншылардың екеуінің жасы 35-тен асуы міндеттелген. Бұл – жасы егде тартқан қызметкердiң де аяқдоп алаңынан шет қалмауы үшін жасалып отырған мүмкіндік. Бүгін Астана Арена стадионында ɵткен ақтық сында ойыншылар аянып қалмады.

"Күнi бойы компьютер алдында отырған соң денсаулыққа керi əсерi тиiп жатады. Сол себепті де былтыр мемлекеттiк қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир ɵткiзу туралы бастама кɵтердiк. Ендi, мiне, қызметкерлердiң бiр уақ осылай бой жазып, бұқаралық спортпен айналасуына мүмкiндiк жасалып отыр. Бұл мемлекеттік қызметкерлердiң жұмысына да, сенбi-жексенбi күнгi демалыстарына да кедергi келтiрмейдi. Бiрiншiлiктiң ойындары аптасына бiр рет, сағат 19:00-23:00 аралығында ɵтедi", – дедi қоғамдық спорт лигасының құрметтi президентi Əдiлбек Бисекеев.
  
"Qyzmet cup" ɵз iшiнде "Қуат" жəне "Бiрлiк" болып екi лигаға бɵлiнген. Бұл – командалардың деңгейiне емес, чемпионаттың ұзақ уақытқа созылмауы үшiн қабылданған ереже. Екi лига 12 командадпн тұрады. Үш ай бойы бiрiншiлiк тəртiбi Қазақстан Премьер-лигасы деңгейiндегі тɵрешiлер құзырында болған.

"Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы бар. "Qyzmet cup" чемпионаты сол тапсырманы орындай отырып, мемлекеттiк қызметкерлердiң ɵзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында да ұйымдастырылып отыр. Осымен үшiншi маусымы аяқталды", – дедi жарысты ұйымдастырушылардың бiрi Əдiлет Мұқышев.

Сонымен "Бiрлiк" лигасында чемпиондық атақты "Қазақстан темiр жолы" командасы иеленсе, екiншi және үшiншi орын "Полиция департаментi" мен "ЭКСПО" командаларына бұйырды. Ал "Қуат" лигасында "Азаматтарға арналған үкiмет" командасы чемпион болса, "Iшкi iстер министрлiгi" командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Үздiк үштiктi "Ұлттық ақпараттық жүйе" командасы түйiндедi.

Айта кетсек, келер аптада Ақмола облысының Щучье қаласында "Qyzmet cup" республикалық чемпионаты ұйымдастырылады. Онда елорда намысын "Қуат" жəне "Бiрлiк" лигасындағы үздiк атанған командалар қорғайтын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы