"Қызғаныш неден туды?". Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенованың ағасына сұрақтар қойды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенованың ағасына бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкеноваға деген қызғанышы қайдан туып отырғанын және Нүкенова мұндай жайтты қалай қабылдағанын сұрады.
Салтанат Қуандықты қызғанған жоқ, балаларын жақсы көретін, - деді марқұмның ағасы.
Сондай-ақ адвокат Лейла Рамазанова Айтбек Аменгелдіден "сіз оның (еск- Нүкенованың) icloud-дын үнемі бақыладыңыз ба" деп сұрақ қойды.
Мен оның icloud-дын бақылаған жоқпын. Геолокациясынан локатор қосымша арқылы хабарлама келіп тұрады, сол арқылы керек кезде ғана қарадым. Өзі кейде ата-анасы сұрағанда, түсініксіз жағдайларда ғана қарауға тура келді, - деп жауап берді Амангелді.
Адвокат Салтанаттың бала күнінде басынан жарақат алған-алмағаны жайлы да сұрақ қойды.
Салтанат бала кезінде кішігірім жол апатына түсті. Бас миының жарақатын алмаған. Тек терісін сырып кетті. Кейін емханаға қаралды, - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нүкенованың ағасы марқұм қарындасының бет-жүзі көгерген фотосуретін көрсеткен болатын.