Қыз зорлауға қатысты іс: Бізде бала өмірі үшін күрес пе, әлде статистика үшін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда полиция жеті жасар қызды зорлау фактісіне қатысты істі тергеуде. 

Facebook-тегі #Немолчиkz қоғамдастығында балаға зорлық көрсетілгені туралы жазылған.

"Қазан айының басында Павлодарда 7 жасар қыз зорланған. Тергеушіге көп жазба, онсыз да статистика жаман... деп айтқан. Ата-аналар қазір Нұр-Сұлтан қаласында БП-ға өтініш беруде. Гинеколог қыздың жарақаты туралы айтса, сот сараптамасы оны жоққа шығаруда. Бізде статистика үшін күрес пе, әлде балалардың өмірі үшін бе?", - деп жазды пост авторы Facebook-тегі #Немолчиkz тобында. 

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде қылмыс фактісін растады.   

"Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 121-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (бірнеше рет жасалған жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері - ескерту PN). Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды", - деп хабарлады полицейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы