Қыздар 8 наурызда алған гүлдерін қайта сатып жатыр
Қазақстандық интернет платформаларда сыйға тартылған гүлдерді қайта сату туралы хабарландырулар пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарнама авторлары гүлдердің әлі де әдемі екенін атап өтіп, олардың суреттерін жариялауда.
Мұндай гүлдердің бағасы 3 мың теңгеден басталып, кейбірінің құны 30-40 мың теңгеге дейін жетеді.
Сәл ғана қурап қалған. Құрғаған жапырақтарын алып тастасаңыз, жаңа гүлдей болады. Өте әдемі көрінеді. Бастапқы бағасы қазіргі құнынан 2,5 есе жоғары, – делінген хабарландырулардың бірінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полиция қару-жарақ жасырылған 30-дан астам жерді анықтады
Келесі жаңалық
WBO Жәнібек Әлімханұлына неге "суперчемпион" атағын бермеді
Өзгелердің жаңалығы