Қызайбай әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан сапынан 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шықты. Колумбия спортшысы Ингрит Лорена Валенсиямен кездесті. Алайда кездесу 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың қарсыласының еншісіне шешілді. 

Айта кетерлігі, бұл күндері Стамбұлда әйелдер боксынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған бәсеке 20 мамырға дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы