Қызанақтың 7 түрін өсіреді
Түркістан облысы, Сайрам ауданында 11 гектар жерді қамтитын, облыстағы ең ірі жылыжай кешені бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жылыжай өнімдері ел аумағында және Ресей еліне экспорттауға бағытталған. Жылыжайда қыс мезгілінде газ қысымы төмендеп немесе мүлдем өшіп қалған жағдайда баламалы дизельді жылыту жүйелерін іске қосып, жұмысты жалғастыруға болады.
"ЭкоИнвест" жылыжай кешенінің жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Қазіргі таңда 11 гектар жерін пайдаланып, 5 гектар жеріне қызанақ, 6 гектар жерінде қияр өсіріп жатыр. Алдағы жылы қалған 10 гектарлың құрылысы аяқталып, іске қосылады.
Мұнда қызанақтың 7, ал қиярдың 2 түрлі сорты өсіріледі. Жылыжайда 200-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы