Қыз зорлаған Талдықорған полициясы бастығының ісі қайта қаралды
Апелляциялық сот Марат Күштібаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жетісу облыстық соты апелляциялық соттың шешімін шығарды.
Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Марат Күштібаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлады облыстық сот.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Талдықорған полициясының бастығы кабинетінде қыз зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әмір Олимпиада рекордын жаңартты
Өзгелердің жаңалығы