Қыз зорлаған Күштібаевтың әйелі сотты сатып алмақ болған
Қызды зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевтың әйелі де темір торға жабылуы мүмкін. Ол күйеуін қорғау үшін пара ұсынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агентігінің Жетісу облыстық департаментінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде аталған іс бойынша айыпталушына тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу мәліметтерге құпия сақталады. Нақты іс дәлелденбегенше мәліметтер сыртқа жарияланбайды.
Көпке мәлім, атышулы іс алдыңғы жылы күзде елді дүрліктірген болатын. Сол тұста Талдықорған қаласының полиция бөлімінің басшысы Марат Күштібаев өзінің бөлмесінде 27 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған. Бір жылдан кейін аталған іс дәлелденіп, полиция басшысы 11 жылға темір торға тоғытылған еді. Дегенмен істі толық зерттеу барысында қосымша заңбұзушылықтар анықталды. Ел ішінде үлкен шуға айналған зорлау оқиғасы бойынша алаяқтық жасаған соттың бұрынғы хатшысы мен жәбірленуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса оның жары жолдасын ақтап алу үшін сот қызметкерлеріне ақша ұсынғаны туралы күдікке ілініп отыр. Яки, сотты сатып алмақ болған.
Аталған іс бойынша әлі де жұмыстар жүреді. ҚР ҚК 422-бабы, 1-бөлігі бойынша жәбірленушіге пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің құзырында тексеріліп жатыр. Алдағы уақытта нақты шешім шығады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесінде сәйкес өзге де ақпараттарды таратылмайды, - дейді облыс пракуроры Мадияр Басшыбаев.
Айта кетейік, қылмыскердің әйелі қолда бар айғақтарды бұрмалау үшін сот қызметкерлеріне 40 млн теңге көлемінде қаржы берген.