Карантин: Елорданың қақ ортасында қыз ұзатқандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанның мейрамханасында ұлан-асыр «Қыз ұзату» өтті, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
Кеше сағат 18.40-та мониторингтік топ «Хан Талапай» мейрамханасында өтіп жатқан тойдың үстінен түскен.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан іс-шараны ұйымдастырушы 50-ге жуық қонақ шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды. Әкімшіге қатысты жиналған материал процестік шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін сақтауға шақырады. Полицейлер жұқтыру оқиғаларын болдырмау мақсатында халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізуде. Мұндай әңгімелер азаматтарды мәжбүрлеу шараларын қолданудан гөрі тиімді етеді.
Өкінішке қарай, алдын алу шараларын елемеу жағдайлары тіркеліп жатыр. Өткен тәуліктің өзінде полиция департаментінің қызметкерлері 57 кәсіпкерлік нысанын тексерді, оның ішінде 43 карантинді бұзу анықталды. Азаматтар тыйым салынғанына қарамастан, отбасылық мерекелерді өткізіп, қарт адамдарға ғана емес, балалардың өміріне де қауіп төндіреді. Барлық тәртіп бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, – деп толықтырды елордалық полиция.
Полиция енгізілген шектеулер ең әуелі азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет екенін атап өтті.