Ұлыбританиялық қыз ағашқа тұрмысқа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания тұрғыны және екі баланың анасы Кейт Каннингем (Kate Cunningham) ағашқа тұрмысқа шықты. Енді ол ағаштың атауынан ұқсас атқа тегін өзгертіп алмақ. Бұл туралы The Mirror басылымы жазады.

Әйелдің айтуынша, оның жігіті шешімін қолдаған және салтанатты шараға дайындалуға көмектескен. Каннингемнің үлкен ұлы анасының жоспары туралы естігенде сасқалақтап қалған, дегенмен оның тойына келген. Әйелдің әкесі де оны қолдап, той рәсіміне атсалысқан.

34 жастағы қалыңдық Ливерпуль қаласының маңындағы Лизерлендтегі Римроуз Вэлли саябағындағы аюбадам ағашын «күйеу» ретінде таңдаған.

 

Осылайша ол саябақ арқылы салынып жатқан жаңа көшенің құрылысына қарсылығын білдіргісі келген.

Неке қияр алдында қыздарға арналған қалыңдық кешін өткізіпті. Неке қию салтанатында зәйтүн көйлек киіп шықты.

 Енді ол тегін Кейт Элдер (Бузина) деп өзгертпек. 

«Менің анам демікпеден қайтыс болды, мен бронхоэктазиядан қиналамын. Ағаштарды құлатып, орнына кептеліске толған көше салу – денсаулығымызға қауіп. Біздің ауданның экологиялық жағдайы онсыз да мәз емес. Сондықтан біз жағдайды жақсартатын шешім қабылдануына зәруміз», - деді қалыңдық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы