Қытаймен визасыз режим ШҚО-ның туризміне пайда әкеле ме? Әкім жауап берді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қытайлар неге Қазақстанға турист ретінде келу керегін айтты, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі брифингте әкімнен «Қытаймен визасыз режим Шығыстағы туризімінің дамуына әсер ете ме?» деп сұрақ қойды.
Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим - екі елге де пайда. Қытайға осындай режимге бару әр елге түсе бермейді. Көп мәселені шешуге болады. «Шоппинг» жасау және мәдениетін көруге болады... Бизнес саласында да кәсіпкерлерімізге көптеген мүмкіндік ашылады, - деді Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы басқа мемлекеттердің туризіміне ең көбі және ең көп ақша қалдыратын қытайлар екенін айтады. Айтуынша, бұған пандемия кезінде Ресейде жұмыс істеп жүргенде көзі жеткен.
Қазіргі таңда Марқакөл ауданы құрылып отыр. Кейбір заңға байланысты сұрақтарды шешсек, оған дұрыс инфрақұрылым салсақ, туристер жиі келсе өркендейді деп ойлаймын, - деді Көшербаев.