Қытаймен сауданы күшейтеміз – Сауда министрі
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан 2029-ға дейін экспорт көлемін 45 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырған айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомство басшысының сөзінше, сол үшін Қытайға басым назар берілмек. Үкімет дайын өнімнің экспортын 2,5 есеге ұлғайтып, 12,5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Онымен қоса, министр 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға шикізаттық емес тауарлардың экспорты – 5 млрд долларға жеткенін еске салды.
Еуразиялық Экономикалық Одақ және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шекара маңындағы сауданың қажет инфрақұрылымы құрылуда. Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізуді ұлғайту пысықталып жатыр, – деді Шаққалиев үкімет отырысында.
Сонымен қатар министр Еуропалық Одақтың нарықтары да басым бағыт болып саналатынын атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сауда министрі Арман Шаққалиев отандық экспорттаушыларға қандай жағдай жасалатынын айтты