Қытайлық парапланер спортшысы қазақстандық құтқарушылардың арқасында аман қалды

Парапланер спортынан Қытайдан келген спортшыға ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Жетісу облысында парапланерлік спорттан 1972 жылы туған ҚХР азаматы әлем Кубогының жарысында 800 метр таудың биіктігінде бастау алды. Спортшы басқара алмай құлай бастады. Құлағанға дейін ол қосалқы парашют ашып үлгерді. Қону кезінде парапланер әр түрлі жарақат алды, - делінген ведомство хабарламасында.

Ер адамды Талдықорған қаласындағы ауруханаға апару үшін құтқарушылар оны 1,5 шақырым жерде Қазавиақұтқару тікұшағы қонған жерге дейін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы