Қытайлық дәрілерді сақтықпен қолданған жөн – маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Аурудың жұғу жолдарын қайта қарау бойынша ДДСҰ-ға өтінімдер түсіп жатыр. Ғалымдар зерттеулер жүргізіп, вирустың ауада қалықтап, аэрозольді жолмен берілуін болжап отыр. Сондықтан медициналық маска тағу қажет. Қазір көп адамның маскасыз жүргенін көреміз. Олар тек көпшілік орындарға, ғимаратқа кіргенде ғана тағып жатады, - деді ол. 

Малтабарова атап өткендей, далада да маска тағу керек. 

Үй жағдайында табиғи қолдануға болатын қымыз бен балды айтуға болады. Олардың пайдасы бар, бірақ зияны туралы айта алмаймыз. Қымыз адамның иммунитетін көтереді. Алайда, жылқының еті мен балға аллергия болса, оны тұтынуды тоқтату керек. Ал жалпы бұл өнімдердің зияны жоқ деп ойлаймын, - деді ол. 

Маман қытайлық дәрілерге қатысты пікір білдірді. 

Біз ғылыми қызметкер болғандықтан, дәріні зерттеуіміз керек. Содан кейін оны тұтынуға болатын не болмайтыны туралы айта аламыз. 1,5 ай бұрын бізге қытайлық дәрігерлер келді. Олар көбіне науқастарды шөппен емдегенін айтты. Қытайдан келген дәрі-дәрмекті ішіңдер немесе ішпеңдер деп айта алмаймын. Бірақ ғылыми қызметкер ретінде, біздің ойымызша, ғылыми тұрғыда дәлелденбеген дәрілерді қолданбаған жөн. Белгілі журналдарда бізде ешқандай жарияланымдар шыққан жоқ. Бірақ бұл препараттарды сақтықпен қолданған абзал, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы