Қытайлық акробат 9 метр биіктіктен құлап, мерт болды

Жантүршігерлік сәт видеоға түсіп қалған. Кадрларда акробат әйелдің 9 метр биіктіктен құлап бара жатқаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

New York Post деректеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 15 сәуір күні Аньхой орталық провинциясындағы Хоугао ауылында болды.

37 жастағы ерлі-зайыпты Сунь Муму мен Чжан Муму троспен биіктікке көтеріледі. Әйел ерінің аяғына тұрып, мойнынан ұстап тұрады. Әбден биіктікке көтерілген кезде тепе-теңдігін жоғалтып алып, құлап кетеді. Алайда күйеуі оны ұстап үлгермейді.

Акробатшы дереу ауруханаға жеткізілгенімен оны құтқару мүмкін болмады.

Weibo қытай әлеуметтік желілерінде ерлі-зайыптылардың ұрсысып қалғаны, сол себепті әйел сақтандыру белдігін тағудан бас тартқаны айтылады.

Дегенмен Чжан Муму әйелімен ұрсысып қалғанын жоққа шығарды. Ер адамның сөзінше, олар бақытты отбасы болған. Ол оқиғаға байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Айтуынша, ол оқыс оқиға мәселесін шешіп жатыр. 

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар тәжірибелі әртістер болған. Сол себепті көбінесе сақтандыру құралдарынан бас тартқан.

Үкімет қайғылы оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы